Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетіне қазан айында Германияның Франкфурттегі Гете университетінің профессоры, тарих пәні мұғалімдерін даярлайтын орталықтың директоры Ганс-Якоб Шмитц келіп, тарих мамандығының 2-3 курс студенттеріне дәріс оқыды.

Ганс Якоб Шмитц көптеген елдерде атап айтар болсақ, Финляндия, Италия, Литва, Греция, Турция, Кипр, Израиль, Иран, Непал Индия, Австралия, Аргентина, Бразилия елдерінде халықаралық жобаларды зерттеуге қатысқан. Оның есімін тарихты оқытуға қатысты ғылыми, білім беру басылымдарынан көп кездестіруге болады. Ганс-Якоб Шмитц көптеген шет елдің ЖОО мен халықаралық жобаларда жұмыс жасай отырып, осы салада өз білімін жетілдіріп келеді.

Сонымен қатар 25 қазан күні педагогикалық факультетінде Ганс-Якоб Шмитц, Тарих және ӘГП кафедрасының оқытушылары, студенттері және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Тарихты оқытудағы мифтің, дәлелдердің және қиялдардың салдары. Шын мәнінде тарихта не болғанын біз қайдан білеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Орал қаласының жалпы орта білім беретін  мектептердің ұстаздары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тарихты оқытуда мифтерді, фактілерді тарихты түсіндіруде үлгі етіп алып, жеткізу керектігін түсіндірді. Оқытудың дәстүрлі емес, яғни сыни тұрғыдан ойлау, логикалық шабуыл жасау әдістерінде  қарастырды. Дөңгелек үстелге қатысқан педагог-оқытушылар тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, сұрақтар қойылып, қызу талқылау жүргізілді. Сабақ соңында келген мұғалімдерге арнайы сертификаттар табысталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz