Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде 2017 жылдың 23 қазан айында сағат 15:00де “Гуманитарлық заңтану факультетінде” Қазақстан Республикасының Президенті “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында прокуратура өкілінің қызметкері аға прокурор Денизбаева Алия Едресовнамен және облыстық білім беру басқармасының бас маманы Хамзина Сәуле Мендигалиевнамен кездесу өткізілді. Негізгі қозғалған мәселе: “Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ЖОО оқитын жетім-студент балалардың құқықтарын қорғау” тақырыбында болды.

Кездесуге барлық факультеттен студенттер қатысты.

Студенттер тақырыпқа байланысты көптеген мағлұматтар алды.

Кездесуді қортындылай келе тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы облыстық прокуратура өкілімен, білім бөлімінің бас маманына өз алғысын білдірді. Осындай жастарға пайдасы зор іс – шаралар жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр боларын айта кетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz