2024 жылғы 3 мамырда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында аға оқытушылар Л. Т. Қойбағарова және Б.Н. Аманова «Қазіргі еңбек нарығындағы түлектердің мансаптық өсу перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты БҚИТУ түлектері мен жұмыс берушілердің жұмысқа орналасу және еңбек нарығына бейімделу мәселелері бойынша өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын айқындау болып табылады.
Іс-шара барысында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісы К.А. Нариков, СТИ Мансап және практиканың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.У. Жұбанышев сөз сөйледі; Орал қаласының мансаптық өсу орталығынан шақырылған қонақтар директордың орынбасары С.Т. Бимухамбетова және мансаптық өсу орталығының маманы Д.Б. Галиев түлектер мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру туралы мазмұнды ақпарат берді. ЗК-41о; АРХ-51о; АРХ-52о; СТР-41о; СТР-42о бітіруші топтардың білім алушылары белсенді қатысты. Мансап орталығының мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі еңбек нарығында жұмысқа орналасу мәселелері мен перспективаларын бірлесіп талқылады.


