2024 жылдың 26 сәуірінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасы академиялық комитеттің отырысын өткізді, оған стейкхолдер ретінде «Уралводпроект» ЖШС бас сәулетшісі Ж.К.Темирбаев, “ГЕОКУРС” ЖШС филиал директоры М.А. Ахметов, .«БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» М.М. Маратов, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» БББ-ның білім алушылары қатысты. Академиялық комитеттің отырысында білім беру бағдарламасын жаңарту, білім беру бағдарламасының мазмұнына жұмыс берушілерді тапсырыс берушілер ретінде және кадрларды тұтынушыларды, білім алушыларды нақты білім беру қызметін тұтынушы ретінде және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» БББ-на және ЭПК-ның жаңа пәндерін талқылап, білім алушылардың пікірін ескере отырып бекітуге шешім қабылдады.