2024 жылы 26-сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен академилық комитет отырысы өткізілді. Отырыс 2024-2025 оқу жылына арналған «6В01601 – Тарих», «6В12301 – Құқық қорғау қызметі», 6В01401-Дене шынықтыру және спорт, 6В01501- Информатика, «7М01601 – Тарих», 7М01401-Дене шынықтыру және спорт (магистратура), білім беру бағдарламаларын талдау мақсатында оздырылды.
Отырысқа оқытушылар және білім алушылармен қатар өзге де стейкхолдерлер (жұмыс берушілер, түлектер, қоғамдық ұйымдар, білім беру ұйымдарының өкілдері) қатысып, білім беру бағдарламаларының құрылымы, мазмұны, талаптары туралы пікірлерін білдірді.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры М.Б. Ерсаев, БҚО полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті, полиция подполковнигі А.М. Малаев, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы А.Ж. Өтешқалиева, М. Маметова атындағы мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі А.С. Жайланов, Ақпараттық технологиялар колледжі директорының орынбасары Г.Е. Рамазанова, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры А.Б. Нұрмұханов, олимпиадалық резервті дайындау орталығының директоры Нугман Сағадат, Орал Жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжінің директоры З. Ғабдуллина, Орал қаласы білім бөлімінің №45 жалпы білім беретін мектебінің директоры А.З. Турегалиева қатысып, білім беру беру бағдарламаларына қатысты пікірлерін айтып, ой бөлісті.
Отырыс барысында стейкхолдерлер білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды. Ұсыныстар талқыланып, бағдарлама әзірлеушілері назарына алынды.


