2017 жылдың 28 қыркүйегі күні Тілдер және менеджмент факультетінің құрметті профессоры Е.Х. Ғиззатовты еске алуға арналған баскетболдан дәстүрлі турнир өткізілді.
Екі күнге созылған тартысты ойын қорытындысы бойынша «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерінен құрылған команда жүлделі ІІІ – орынды, «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінің командасы ІІ – орынды және І – орын және жеңімпаз кубогын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттерінен құралған команда жеңіп алды.

