2017 жылдың 28 қыркүйегінде тілдер және менеджмент факультетінде Елордамыз Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу кешіне арналған шара өткізілді. Шараға университетіміздің атынан барған ерікті студенттер қатыстырылды.

Шараны БҚИТУ тәрбие жұмысы бойынша проректоры, магистр  Абекешев Аянбек Иманбаевич ашты. Өз сөзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің – Қазақстанның бүгіні мен келешегі үшін маңыздылығын, артықшылықтарын және Астанадан келген университетіміздің еріктілеріне алғыс-тілектер айтты.

Белсенді студенттер атынан сөз кезегі «Жақсылық жаса!» атауымен өткізілген қалалық еріктілер сайысының жеңімпазы, «Достық» студенттік клубының төрағасы, 4 курс студенті Рахимов Қадырбекке берілді. Қадырбек еріктілік қозғалыстың ерекшелігін айта келе, 1-2 курс студенттерін осы бағытта жұмыстануға шақырды.

Шараның келесі бөлімінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатынасқан еріктілеріне сөз берілді. Ерікті студенттер көрмедегі атқарған жұмыстарының ерекшеліктерін, көрмедегі қызықты орындарды, шараларды және жұмыс барысында орын алған қызықты оқиғаларды айтып берді, сұрақтарға жауап берді. тілдер және менеджмент факультетінің деканының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, ф.ғ.к Ж.К. Хайрушинге шараны қорытындылап, еріктілерге алғыс білдіріп, игі тілектерін айтты. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, «Астана- ЭКСПО-2017» еріктілерінің гимні шырқалды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz