2024 жылы 16-ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтында «Болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерін ұлттық тәрбиені жүзеге асыруға дайындаудың жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты: педагогтардың ұлттық құндылықтарға негізделген жаңаша ойлауын дамытудың инновациялық-әдістемелік жүйесін қалыптастырып, ұлттық тәлім-тәрбие берудегі біліктілігін жетілдіру.

Алғашқы сөзді педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  п.ғ.к.  Джонисова  Гүлжиян Қабдолғалиқызы алып, Ұлттық құндылыққа негізделген «Өркендеу» мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың инновациялық жобасын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырды.

«Мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың инновациялық моделі» тақырыбында өз шеберлік тәжірибелерімен бөліскен Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Ақбота» балабақшасының  әдіскері Мурзагалиева Айнагүл Искендірқызы мен педагог-сарапшы және тәрбиеші Қусанова Эльмира Сүйеуқызының әдістемелік ұсынбалары қатысушылар қызығушылығын туғызды.

«Өркендеу» мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың инновациялық жобасы бойынша жұмыс нәтижелерімен бөліскен Орал қаласы білім беру бөлімінің №7 «Айналайын» бөбекжайы әдіскері Өтеғалиева Жанар Қуанғалиқызы және тәрбиеші Нұрпейсова Гаухар Борисқызы «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбындағы баяндамаларын ұсынды.

«Мектепке дейінгі ұйымдағы ұлттық ойындар» тақырыбында – Орал қаласы білім беру бөлімінің №10 «Балапан» бөбекжайының тәрбиешілері Хисина Нұргүл Насиқызы, Уксукбаева Аида Жанболатқызы тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс жасалып, студенттер әдістемелік семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz