2024 жылдың 17-ақпанында қазақ, халқының ұлтық, құндылықтарын дәріптейтін «Ұлттық сезім» жалпыұлттық акциясына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы да үн қосты.
Жобанын мақсаты – ата-баба дәстүрі мен тарихы арқылы ұлтық киімді дәріптеу, ұлттық брендті нығайту. Бұл күні профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар заманауи киім үлгісін ұлттық әшекей-бұйымдармен шебер үйлестіріп киіп келіп, ұлттық киімге деген құрметтерін көрсетті, бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, оқу орнында ерекше атмосфера орнатты.
Ұлттық тағам түрлеріне толы дастарқан басында студенттер үшін тағылымды басқосулар ұйымдастырылды.
Өнерлі жастар “Домбыра party” ұйымдастырып, қазақтын ән-күйлерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ бұл күні ұлттық спорттық ойындар да ұлыкталды. Оқытушылар қолдарына асық алып, мергендік жарыстырса, студенттер тоғызқұмалақтан ең мықтыны анықтады. Ұлы даланың ұмытылмас дәстүрі саналатын садақ атудан шеберлік сағаты өтті. “Ұлттық сезім” жалпыұлттық акциясы аясында белгілі этнопедагог-ғалым Клара Қожахметова атындағы этнопедагогика кабинетінде Орал қаласындағы балабақша тәрбиешілеріне арналған семинар ұйымдастырылды.


