2024 жылдың 30-шы қаңтар күні Мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Білім алушыларға кредиттік оқыту технологиясының талаптарын, БҚИТУ ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру» тақырыбында кафедраның білім алушыларына эдвайзерлік сағаты өткізілді.
Эдвайзерлік сағаттың мақсаты – білім алушыларды университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарымен және оқытудың кредиттік технологиясымен таныстыру.
Университет жарғысы-бұл оқу орнының қызметін және оның қызметкерлері мен білім алушылардың қарым-қатынасын реттейтін ережелер жиынтығы. Бұл құжаттар оларға оқу ортасында жақсы шарлауға және ережелерді сақтауға көмектесетіні атап өтілді, бұл өз кезегінде тиімдірек білім мен дамуға ықпал етеді. Сондай-ақ білім алуышлар эдвайзерлік сағатты өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, алынған ақпарат оларға оқу процесінде ақпараттық білім беру жүйелерінің маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесетінін атап өтті.

