2024 жылғы 17 қаңтарда университетте Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) тарапынан институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеуден кейінгі мониторинг, сондай – ақ білім ордасының 26 білім беру бағдарламасы – мамандандырылған аккредиттеу бойынша мониторинг рәсімі оздырылды.
Университеттің аралық есептерінің және IAAR сараптамалық тобының есептерінің деректеріне сәйкес, университеттегі оқытудың мазмұны, нысандары мен әдістерінде, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуда оң өзгерістер анықталды.
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг туралы Ережеге сәйкес білім беру ұйымының аккредиттеуден кейінгі мониторингінің бірінші кезеңі және 19 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден кейінгі мониторингінің бірінші кезеңі аяқталды.
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг туралы Ережеге сәйкес 8 білім беру бағдарламасы бойынша екінші кезең 2 жылдан кейін өтеді.
Университеттің барлық ұжымын АРТА аккредиттеуден кейінгі мониторингінің сәтті өтуімен құттықтаймыз!