2024 жылғы 26 қаңтарда жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушылары Т.Р. Исағұлова, А.А. Султанғалиева, С.Т. Маметанова «Сәулет», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім алушыларымен бірге Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада болды. Кітапханада «Қаржылық өсуге қол жеткізу және кітаптардың өзін-өзі дамытуға әсері» тақырыбында кездесу өтті. Спикер Аминов Асланбек – белгілі кәсіпкер, «GEONA» «MIR POLA», «5 ZVEZD», «CHESTER PUB» салондар желісінің негізін қалаушысы, қалалық мәслихат депутаты, балалар мен жасөспірімдерге арналған «BASQAR» бизнес-мектебі жобасының авторы.

Кездесудің мақсаты – білім алушылармен бизнесте табысқа жету тәжірибесімен бөлісу.

Өз сөзінде спикер өз ісінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғады, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтар туралы айтып берді, бизнестегі өзінің жолдары мен жетістіктері, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары, қаржылық сауаттылықты қалай дамыту керектігі туралы айтып берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz