2024 жылғы 08 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында Орал қаласының мектептері бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мектептегі кәсіптік бағдар – бұл оқушылардың белгілі бір кәсіби қызмет түрлеріне бейімділігі мен талантын анықтауға арналған іс-шаралар кешені, сондай-ақ жұмысқа дайындықты қалыптастыруға және мансап жолын таңдауға көмектесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – оқушыларға оқыту бейінін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ оқушыларда өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы кезінде салалық технологиялар институтының бакалавриат, специалитет және магистратураның 18 білім беру бағдарламалары бойынша, және университетте оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріндегі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қабылдау және кәсіптік бағдар беру бөлімінің жұмысын жүргізу негізінде мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын сапалы бағалаудың 5 нәтижелі критерийін атап өтуге болады:
– таңдалған мамандық және оны алу әдістері туралы ақпараттың жеткіліктілігі;
– болашақ мамандықты саналы түрде таңдау қажеттілігі;
– оқушының еңбектің қоғамдық маңыздылығын түсінуі;
– оқушылардың өз мүмкіндіктері мен мүдделерін білуі;
– мамандық алу үшін одан әрі қадамдар жоспарының болуы.