2024 жылдың 17 қаңтарында 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» ББ, «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы М.Е. Рахимжанов кәсіби бағдар беру мақсатында «Орал қаласының №39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ және «Круглоозерное жалпы білім беретін мектебі» КММ-де болды. Мектеп басшылығының қатысуымен түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында университет туралы және білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.