Біздің университетте оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру бағдарламасы белсенді іске асырылуда, олар дәріс және практикалық сабақтарда пәндерді оқытудың әртүрлі инновациялық әдістерін жиі қолданады, бұл білім алушылар үшін оқу үрдісін қызықты, танымдық және игеруді жеңілдетеді.

Шеберлік-класы – бұл педагогтардың біліктілігін арттырудың бір түрі, нақты әдістемелік тәсілдері немесе әдісті, оқыту әдістемесін және тәрбиелеу технологиясын көрсететін педагогикалық тәжірибені таратудың технологиясы.

Дәл осы мақсатта ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Санталина 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» БББ (салалар бойынша) білім алушыларына «Өндірісті метрология және метрологиялық қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер» тақырыбында дәріс сабағын көрсетті. Үздіксіз байланыс, әр тыңдаушыға іс жүзінде жеке көзқарас – бұл шеберлік-класстарды оқытудың барлық басқа формалары мен әдістерінен ерекшелендіретін нәрсе.

Мұндай сабақтарда білім алушылар тақырыпты талқылауға қатысуға, сұрақтар қоюға, кеңес алуға, талқылау үшін өз сұрақтарын ұсынуға және талқыланатын мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz