Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып есептелетін 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз – барша халқымыз үшін ең ұлық мереке. Бұл – береке – бірліктің, ырыс – ынтымақтың, кешірімнің меркесі.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің оқу ғимаратының алдында театрландырылған концерттік бағдарламамен басталды.
Бүл жерде бастаңғы, беташар салт-дәстүрден қойылымдар көрсетіліп, ұлттық ойындардан (күрестен, кір тасты көтеру, аударыспақ ойнау) көрініс, белсенді студенттер тарапынан күмбірлеген күй шертіліп, халық әндері мен әсем билер орындалып көпшіліктін көңіліннен шықты.
Наруыз мерекесіне орай құрылған алтыбақанда жастар көніл көтеріп, университетіміздің құрылтайшыларының бірі, Орал қаласы мәслихатының депутаты Л.Т.Рысбекованың таратынан тегін таратылған табақ-табақ күріш, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Наурыз мерекесі соңында Қыдыр ата жиналған оқытушылар мен студенттерге өз батасын берді.

