22 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің оқытушылары мен студенттері «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Даулетжанов және штаттан тыс аудандық филиалының кеңесшісі Біржан Кухаев мырзамен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы аясында өрбіді.

Мұхтар Серікұлы Даулетжанов мырза Президентіміздің осы жылғы жолдауындағы жастардың діни тәрбиесі, еліміздегі үштілділік жағдай сонымен қатар жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі байланысына аса мән беру керектігін айтып өтті. Бұл кездесудің студенттер үшін пайдасы зор деп ойлаймыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz