Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасымен 2017 жылдың 16 ақпан күні математика, физика пәндері бойынша қазақ және орыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Олимпиадаға әр мектептен физика, математика пәндері бойынша 7 оқушыдан командамен қатысқан болатын, атап айтатын болсақ №44 МГ, №30 ЖОББМ, М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, №21 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №6 ЖОББМ, №17 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, №28 МЛ, №46 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №27 МЛ, №41 МЛ, №44 ЖОББМ, №34 МГ, №43 ЖОББМ, №38 МЛ, №10 ЖОББМ , №22 ЖОББМ, Вальдорф бағытындағы МГ-ның оқушылары қатысқан болатын.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегідей мектептер жүлделі орындарға ие болды:
қазақ мектептерінен
- І орын – №41 МЛ;
- ІІ орын – №27 МЛ;
- ІІІ орын – №38 МЛ;
- ІV орын – №30 ЖОББМ.
орыс мектептерінен
- І орын – №9 ЖОББМ;
- ІІ орын – №7 ЖОББМ;
- ІІІ орын – №28 МЛ;
- ІV орын – №17 ЖОББМ.
Жеңімпаз командалардың мүшелеріне Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне оқуға түсуде 1-ші оқу жылына 25, 20, 15, 10 пайыз жеңілдіктері бар сертификаттар және дипломдар табысталды.
Қатысушы әр мектептің физика және математика пәндерінің мұғалімдері олимпиадаға оқушыларды дайындағандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.



