2017 жылы 21 ақпан күні Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада  Сырым ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алашорда – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында online-конференция өткізілді.

Конференцияға Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарихшы-ғалымдары және Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ғалымдары профессор, алаштанушы  Д.Д. Сүлейменова, тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент Б.С.Боранбаева, сондай-ақ жергілікті өлкетанушы Жайсаң Ақбай қатысып, қазақ ұлтының жарқын болашағы үшін күрес жүргізген Шығыс және Батыс Алашорда  қайраткерлерінің  рухани байланысын бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында қайта жаңғыртып, алаш қозғалысы тарихы туралы ғылыми тұжырымды пайымдаулар жасады.

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұжымы т.ғ.к., профессор Д.Д.Сүлейменованың жұмысын өте жоғары деп бағалады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz