2023 ж. 10 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының практик аға оқытушысы Ашенова Ранида Рафхатовна (БҚО қоғамдық даму басқармасы, азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің басшысы) ұйымдастыруымен «TOMIRIS» ақпараттық білім беру бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес, «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» атты тренинг оздырылды. Тренингке «Атамекен» ҰКП-ның әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы, «Қарызсыз қоғам» жобасының БҚО бойынша жетекшісі Зүлфия Тынымгерейқызы Кубеева қатысты. БҚО бойынша қоғамдық бірлестіктердің төрайымдары, блогерлер, журналистер, жергілікті полиция қызметі бөлімнің әйелдерге зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы және басқа да қоғам өкілдері қатысқан тренинг студенттер, магистранттар мен оқытушылар үшін танымдық алаңға айналды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz