Сапа апталығы аясында «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы Ж. М. Жайлыбаева “Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершілігі” тақырыбында №21 ЖОББМ-де Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ өткізді, презентациялық материалды “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері: Зулпухарова Сарбиназ, Нұрлан Дауржан және Мамбетьярова Кристина ұсынды. Ашық сабақтың қорытындысы бойынша бітіруші сынып оқушыларымен мамандық таңдауға, оқуға түсу тәртібіне және білім беру грантын алу шарттарына байланысты мәселелерді қарауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.

