Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы мен білім алушылары 2023-2024 жаңа оқу жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдаудан бастады.
Университет басшылығы, Салалық технологиялар институтының профессорлық оқытушылар құрамы мен білім алушылары жолдауды тыңдап, Мемлекет басшысы айтқан алдағы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары мен міндеттерін бірауыздан қолдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында көтерілген мәселелер Тұрақты дамудың барлық 17 бағытын қамтыды. Жолдауда негізінен құрлықтың экожүйелерін және су ресурстарын ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі, инклюзивтік өсу және экономикалық өзгерістер, жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар, әлеуетті арттыру, сауда мәселесіне басымдық берілді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жолдауында университеттік ғылымды заман талабына сай дамыту қажеттігі атап өтілді.
Жолдауда көтерілген өзекті мәселенің бірі – ІТ технологияларды дамыту. Жолдауда Мемлекет басшысы «Маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деп атап өтті. Сондай-ақ үкіметке жасанды интеллектіні дамытуды тапсырып, білікті мамандар дайындау қажеттілігін айтып, «Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», – деді.
Жолдауда ғылым мен білім беру жүйесіне айрықша мән берілді, осы саланың өкілі болғандықтан, бұл жолдау бізге де жауапкершіліктерді жүктейді.
БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының ұжымы Президент жолдауында айтылған өзекті мәселелерді іске асыруда жүйелі жұмыстар атқара бермек.