2023 жылдың 19 қазан күні «Қаржы» ББ білім алушыларына «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары» тақырыбында ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының «Валюталық операцияларды бақылау» бөлімінің бас маман-экономисі Иргалиева Жанна Талғатқызы дәріс өткізді. Дәрісте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаттары мен міндеттері, қызметтері, соның ішінде валюталық операциялары мен реттеу шаралары туралы мәлімет, валюталық реттеу мен валюталық бақылауда Ұлттық Банкінің қызметін ашып, толық түсіндіріп берді. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, жауаптар алды.

