2023 жылғы 19 қазанында БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасына «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ-ның студенттеріне «Қарашығанақ» мұнай-газ кен орнындағы «SICIM S.P.A.» ЖШС-нің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы инспекторы, БҚИТУ-дың осы ББ-ның түлегі М.Е. Дусаналиев шақырылып, «Еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
2023 жылғы 19 қазанда БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ студенттеріне «Қарашығанақ» мұнай-газ кен орнының «Sicim S. P. A.» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі инспекторы, БҚИТУ-дың аталған ББ түлегі М.Е. Дусаналиевпен «Еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды.
Дәріс барысында еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын қадағалау; жұмысшылардың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының жай-күйін тексеру; жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарды анықтаған кезде жұмыстарды тоқтату жөнінде шаралар т.б. туралы айтылды.
Дәріс қызықты, әрі мазмұнды өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
«SICIM S.P.A.» ЖШС-нің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы Мейірболат Ернұрұлына қызықты әрі танымдық дәрісі үшін алғыс айтамыз, еңбегіңіз әрқашан жоғары бағаланып, биік шыңдарға көтерілуіне тілектеспіз!

