Салалық технологиялар институтының 6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар және 6В07201 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс білім алушыларымен бірге Г.М. Киясова, Г.Е. Калешева, К.Ж. Губайдуллин оқытушылармен БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ауылы, Пойма станциясындағы газ толтыру станциясына көшпелі өндірістік экскурсия өткізілді. Білім алушылар мамандығы бойынша практикалық дағдылар мен білім алатын кәсіпорындарға белсенді қатысады.
«Тәуекел» ЖШС бас инженері Михаил Викторович білім алушылармен кездесіп, сұйытылған газды және бастапқы тазалау аппараттарын, технологиялық желіні, соңғы өнімге арналған қойманы, тиеуге арналған жабдықты, зауытты электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге арналған қызметті дайындау бойынша негізгі өндіріс цехтарымен таныстырды.
«Тәуекел» компаниясы қаланың ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады және Орал қаласына сұйытылған газ тауарын жеткізуді орындайды.
Білім алушылар экскурсияны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін «Тәуекел» ЖШС басшылығына алғыстарын білдірді.


