2023 жылғы 12 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының студенттері мен магистранттарына БҚО әкімдігіне қарасты дене шынықтыру және спорт басқармасының “Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы” МКҚК директоры Нурмуханов Аскербек Бахытжанұлының қонақ дәрісі өткізілді.
Дәріс аясында қонақ дәріскер «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып-үйрету түрлері» тақырыбында теориялық және практикалық мысалдармен өрнектелген баяндама ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті.