2023 жылы 13 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен академилық комитет отырысы өткізілді. Отырыс 2023-2024 оқу жылына арналған «6В01601 – Тарих», «6В12301 – Құқық қорғау қызметі», «6В01402 – Құқық және экономика негіздері», «7М01601 – Тарих» (магистратура) білім беру бағдарламаларын талдау мақсатында оздырылды.
Отырысқа оқытушылар және білім алушылармен қатар өзге де стейкхолдерлер (жұмыс берушілер, түлектер, қоғамдық ұйымдар, білім беру ұйымдарының өкілдері) қатысып, білім беру бағдарламаларының құрылымы, мазмұны, талаптары туралы пікірлерін білдірді.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері А.С.Насипкалиева, №27 ЖОБМ мұғалімі Жайланов А.С., Ақпараттық-технологиялар колледжі директорының орынбасары Г.Е.Рамазанова, Махамбет атындағы ЖОБМ директорының орынбасары А.А.Бисенова, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары колледж директоры А.Ж.Каирлиева, БҚО Полиция департаменті жедел-криминалистика бөлімінің басшысы, полиция подподковнигі А.М.Малаев, БҚО Татуластыру орталығының басшысы А.Г.Рахишева, Орал қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Г.К.Дуйсалиева қатысып, білім беру беру бағдарламаларына қатысты пікірлерін айтып, ой бөлісті. Отырыс барысында стейкхолдерлер білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды. Ұсыныстар талқыланып, бағдарлама әзірлеушілері назарына алынды.
