Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен өнер мен спорт салаларын қамтитын «ORAL JASTARY» фестивалі өтуде.
2023 жылдың 12 сәуір күні фестиваль аясында өткізілген шахмат ойынынан БҚИТУ командасы жүлделі 1-орынды иеленді. Команда мүшелері: Сарбупина Айнур Ерболатқызы ДШжС-311 және Иргалиев Алихан Берикович НД-320 ( Мұнай ісі). Команда жетекшісі – аға оқытушы, магистр Н.С. Куспанов. Университет спортшыларын жеңісімен құттықтаймыз!
