2023 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “Мектептегі ғылыми-әдістемелік қызмет және білім беру саласындағы өзекті мәселелер”тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар басында Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., А.Н.Бекмашева алғы сөз сөйледі.

БҚИТУ қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Д.Ж.Кусайнова, “Махамбет жалпы білім беретін мектебі” КММ педагог-сарапшысы А.А.Фоменко, М.Өтемісов атындағы БҚУ магистранты, Орал қ., №3 ЖООБ мектебінің мұғалімі В.А.Сурова баяндама жасады. Арнайы баяндамалардан соң қатысушы мұғалімдер мен жоғары оқу орны оқытушылар арасында пікір алмасу өтті.

Ғылыми-әдістемелік басқосуды ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А.Абдульманов қорытындылады. Семинар соңында қатысушылар мен баяндамашыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz