2023 жылдың 14 ақпанда И. Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінің (ЧМУ) «Энергетика және электротехника» факультетінің «Электротехнология, электр жабдықтары және автоматтандырылған өндірістер» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Калинин Алексей Германовичпен Zoom арқылы кездесу өтті.
Алесей Германович 6В07102 Электр энергетикасы, 6В07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша), 6В0604 Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер БББ бойынша 1-4 курс білім алушыларға арналған «Ресейдегі және әлемдегі цифрлық электр жетегінің даму тенденциялары» тақырыбында дәріс өткізді.
Білім алушылар Ресейде және әлемде цифрлық электр жетегін дамытудың жаңа технологияларымен танысты. Чуваш мемлекеттік университеті әлемнің 47 елінен келген студенттер білім алуда, осы университеттің білім алушыларының оқу шарттары туралы көптеген қызықты ақпарат білдік.
Дәріс қызықты, пайдалы болды. Кафедра оқытушылары мен білім алушылар А.Г. Калининге алғыс айтып, доцентті БҚИТУ-мен одан әрі ынтымақтастық жұмыстарын жүргізуге шақырдық.

