2023 жылдың 24 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде Тілдер және менеджмент факультетінде Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы «StartUPZKITU» жастар стартап-жобаларының байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлікті насихаттау, бизнес саласындағы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ дарынды студент жастарды анықтау болды. “StartUPZKITU” жастар стартап-жобасының байқауына қазылар алқасының төрағасы – Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Жубаева Сәуле Ибрагимқызы, қазылар мүшелері – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Махмудов Аскар Джуматаевич, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ерниязов Рустам Айбекович, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Бакесова Роза Маратовна, қауымдастырылған профессор филология ғылымдарының кандидаты Абдульманов Алтынбек Абуталиевич тағайындалды.
Байқауға 6 топ қатысты. Байқауға қатысушылар мобильді қосымшалар құрудан бастап, тұрғын үй кешендерін салуға дейінгі түрлі бағыттар бойынша бүгінгі таңда өзекті және сұранысқа ие бизнес-идеяларды ұсынды. “StartUPZKITU” жастар стартап-жобалары байқауының соңында қазылар алқасы жобаларды қорытындылап, командалардың қатысу нәтижелерін жариялады.
Конкурсқа қатысу нәтижелері бойынша
Бірінші орынға ие болғандар:
– «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Е.Ларинге «Neurosoft» бизнес-процестерді автоматтандыру сервисі» жобасы. Ғылыми жетекшісі – Тимиргалиев И.Н., экономика магистрі, аға оқытушы;
– «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Ж.Ж.Сапарға «Интерьер дизайны студиясы» жобасы. Ғылыми жетекшісі – Мансурова М.А., экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Екінші орынға ие болғандар:
- «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері А.Тимошин мен С.Асқаров «Бизнес план по выращиванию бройлерных курей» жобасы; ғылыми жетекшісі – Нурманова А.К., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
- «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Э.Карабалкина мен М.Жумалиева «TogetherNOW» мобильді қосымшасы» жобасы, ғылыми жетекшісі – Есетова А.К., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
- «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Мендыбаева Э.М. «Интернет-дүкенді ұйымдастыру» жобасы; ғылыми жетекшісі – Курманова Г.К., экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Үшінші орынға ие болғандар:
- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері Жанбоз Б. және «Экономика» Узакбаева И. ««Сontour Craft» үйде басып шығарамыз» жобасы; ғылыми жетекшісі – Абуова Ж.У., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
- «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Баянова К.,Талапкалиева Н. және «Информатика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Кенжеғалиев Н. «SauBol» жобасы; ғылыми жетекшісі – Касымова А.Г., техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Лабақ Ә., Сүйеу Ж. «Байер-fashion» жобасы, ғылыми жетекшісі – Казкенова Г.У., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
