2022 жылғы 7 желтоқсан күні Достық үйінде «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдардың рөлі» атты республикалық лекторий өтті.

Аталған шараға Ақтөбе қаласынан Р.Рахиев (Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» ҚБ ДББҰ басшысы), Ү.Сәрсембин (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ҒСТ төрағасының орынбасары), А.Мәденов (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент), И.Цыба (Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі), Б.Жетесова (Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі) спикерлері келіп, өзара пікір алмасты. Шара жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Е.Бижанова қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz