2022 жылдың 12 қазанында Республика күніне орай кафедраның аға оқытушылары Б.А. Саргужиева, Н. Г. Буранова, и. А. Шалабаева, А. Б. Қайранбаева “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Электр энергетикасы”, “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер”, “Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламаларының 1, 2, 3 курс білім алушыларымен “Атамекен” өнер ордасының көрме залында ұйымдастырылған 20 дан астам қазақстандық суретшілер Мұратбек Жоламан, Сәкен Ғұмаров, Ж.Аралбаев, С.Өтемісов, О.Кужеленко, Д.Калачев, В.Сухов, Н. Хлудов тақырыптық көрмесін тамашалады.

Білім алушылар әр экспозициямен қызығушылықпен танысып, көрме орталығының директоры, суретшілер одағының мүшесі Нұрбек Екпінұлы Жардемовтың қызықты әңгімесін тыңдады.

Суретші әр кенепке жеке-жеке тоқталып, көрермендердің назарын әр шығармаға толығырақ аударып, картина авторының бұл туындысымен не туралы айтқысы келгенін айтты.

Білім алушылар керемет орындалған жұмыстарға қуанып, пікірлерімен бөлісті және картиналарды қызу талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.