2022 жылдың 14 сәуірінде БҚИТУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Султаниязова Насия Жалауқызының РФ Саратов қаласында «Н. Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті» диссертациялық кеңес отырысында қорғауы сәтті өтті. Диссертациялық жұмыс тақырыбы: «Ресей мен Қазақстанда тұратын орыстар мен қазақтардың субъективті әл-ауқатының әлеуметтік-психологиялық предикторлары». Ғылыми жетекшісі-психология ғылымдарының докторы, профессор Шамионов Раиль Мунирович.

Әріптесімізді психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен құттықтаймыз, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жарқын ғылыми жаңалықтар күтеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz