2022 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Ғылыми қызметкерлер күні қарсаңында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінде “Жастар стартапы” бизнес-жобалар байқауы өтті, оған барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар оқытушылардың жетекшілігімен қатысты. Конкурсты өткізудің мақсаты – Әлеуметтік және технологиялық кәсіпкерлік саласында креативті идеялар жасауға қабілетті белсенді, өршіл жастарды біріктіру болып табылады. Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, профессор В.А. Бурахта құттықтау сөз сөйлеп, осы іс-шараның маңыздылығы туралы айтты. Әділқазылар құрамына енген факультет ғалымдары, білім алушылардың бизнес-жобаларын әділ бағалады. Ұсынылған жобалар білім алушылар мен қазылар алқасының мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі


