Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2022 жыл 15 – 17 сәуір аралығында өткен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында 6В11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиаданың II этапына Сагидулин Ернар және Бердашева Арина «Техника және технологиялар» кафедрасының қауымд.профессоры, т.ғ.к. Г.М.Жазыкбаеваның жетекшілігімен барып қатынасты.
XIV Республикалық пәндік олимпиаданың II этапына 10 жоғары оқу орынынан 15 команда қатынасып, солардын арасынан топ жарып Сагидулин Ернар Женисович жүлделі III орынды иеленді.
Сагидулин Ернар мен жетекшісі Ғалия Муратовнаға рахмет айта отырып, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдіреміз!
