«Атамекен» ҚР ҰКП өткізген 2022 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша БҚИТУ инженерлік – гуманитарлық факультетінің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В09101 – Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасы үздік деп танылып, осы ББ бойынша оқуды жүргізетін Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 1 – орынды иеленді.

Жұмыспен қамтудың 94 % жоғары деңгейі 6В09101 – Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының түлектерінің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті екендігін куәландырады. Түлектер жұмысты орта есеппен 2,4 ай іздейді, бұл да жақсы көрсеткіш болып табылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП жыл сайын өткізетін жоғары оқу орындары мамандықтарының рейтингі 17 критерий бойынша өткізілді, оның ішінде: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылар құрамының сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі.

БҚИТУ білім беру бағдарламалары жоғары білім беру жүйесіне қойылатын заманауи талаптарды және білім беру қызметтерін тұтынушылардың сұраныстарын ескере отырып әзірленген. Рейтингтің арқасында түлектер мен олардың ата-аналары өздерін қызықтыратын білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау бойынша үздік жоғары оқу орындарын анықтай алады. Өз кезегінде, университет жұмыс берушілерде белгілі бір мамандықтың қажеттілігін бағалайды және өз жұмысын қажетті бағытта қалыптастырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz