Шетел тілдері және аударма ісі

Шетел тілдері және аударма ісі

Батыс-Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасына қош келдіңіздер!

«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бакалавриат пен магистратураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады:

  6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі

 6В02301 – Аударма ісі

6В01707 – Орыс тілі мен әдебиеті (орыс және орыс емес тілдерінде оқытатын мектептер үшін)

 6В01707 – Орыс тілі мен әдебиеті (орыс және орыс емес тілдерінде оқытатын мектептер үшін, IP)

  7М01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі (магистрлік бағдарлама)

  7М01707 – Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тілі орыс емес мектептер үшін, магистрлік бағдарлама)

Кафедра шет тілді білім беру мамандарын дайындайды. Ағылшын және орыс тілдерінің көмегімен жұмысқа орналасуға, шет елдерде оқуға, ғылыммен айналысуға, саяхатқа шығуға болады.  Осындай мүмкіншіліктерге «Шетел тілдері мен аударма ісі» кафедрасының Білім беру бағдарламалары арқылы қол жеткізе аласыздар. Білім беру бағдарламаларының ерекшелігі – студенттердің тілдік деңгейлері мен кәсіби біліктіліктерін арттырумен қатар,   «жұмсақ дағдыларды» да дамытуға көмектеседі.

Кафедраның ПОҚ: Кафедрада 29 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 1 ғылым докторы,
12 қауымдастырылған профессор, 11 магистр және 11 аға оқытушы бар:
ф.ғ.д., профессор Бисималиева М.К., ф.ғ.к. Матжанова Г.Ж., ф.ғ.к. Аманбаева З.Ж.,
ф.ғ.к. Доукариева У.К., ф.ғ.к. Толенгутова А.С., ф.ғ.к. Осипьян Н.Д., ф.ғ.к. Феоктистова Е.А., PhD Тихонюк Е.В., п.ғ.к. Кусаинова Д.Ж., ф.ғ.к. Абдульманов А.А., п.ғ.к. Выдрина Н.А.
Сонымен қатар, педагогика ғылымдарының магистрлері:
Ахметов Т.Р., Абдрахманова Г.Г., Шаталов А.К., Мусагалиева Ж.А., Ильтезерова Г.Г., Орынғали Н.С., Давлетова Ж.Е., Мукашева Г.С., Шакуова Г.К.
Аға оқытушылар:
Самиголла Н.А., Макашева Ф.Н., Уразова А.Н., Файзуллиева А.А., Кенжегалиева К.У., Муратова А.С., Саматова Ж.М.

Мұғалімдер жыл сайын біліктіліктерін арттырып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен инновациялық байқауларға қатысады. ПОҚ халықаралық Кембридж университетінің ағылшын тілін оқыту әдістемесінен өтіп, Британ Кеңесінің және АҚШ Мемлекеттік бағдарламаларының біліктілікті арттыру және Аударматану сертификаттарына ие: CELTA, TESOL, IHCYLT, TKT, TKT:CLIL,  IELTS, English for Media Literacy, Translation in Oil and Gas және т.б.

Түлектеріміз: Кафедра еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, сонымен қатар шетелде жұмыс істейтін мыңдаған түлектерді шығарды. Олардың қатарында Самиғолла Н., Жексембиев А., Есполов Т.О., Джаналиева А.С., Щепановская Ю.В., Қалиева А.К., Сағалиева С.Н., Кеңесова А.М. және т.б.

Табенова А.С. – Қазақ және орыс тілдерін зерттеу лингвистикалық орталығының директоры (Лондон,Ұлыбритания), Бисенғалиев Н.Р. – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың зияткерлік мектебі» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі (Астана), Өтебаева А. – үш тілді аудармашы (TengizChevrOil), Бекмұханбетова З. – көптілділікті дамыту жөніндегі менеджер (TengizChevrOil), Гербет Е. – Майницкий университетінің магистранты (Германия), Халиуллина Е. – АҚШ университеттерінің бірінің магистранты, Ладыгина Е. (Митрофанова) – аға кеңесші Аудит және консалтингтік компания «Price water house Coopers» (Мәскеу, Ресей), Мулдагалиева Ж. – Прага университетінің магистранты, Лейко И.– сыртқы байланыстар жөніндегі бас координатор (КПО, Ақсай қ.), Лейко М. – оқу және дамыту жөніндегі оқу орталығының аға оқытушысы шет тілдері кафедрасы (Қарашығанақ Петролеум Компани), Сейтак О.Г. – «USS Support Services» шетелдік компаниясының сыртқы байланыстар бөлімінің үйлестірушісі, Атырау қ.

Мамандықтың миссиясы: мәдениеті жоғары, қызығушылықтары жан-жақты, саналы таңдауға дайын және дұрыс білім беру бағдарламаларын игерген, қоғам өміріне бейімделген, интеллектуалдық шығармашылық жұмыс пен жоғары білім алу үшін жеткілікті ерекше қабілеттерге ие тұлғаны тәрбиелеу.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Байланыс

Шетел тілдері және аударма ісі
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz