2022 жылдың 24-30 наурыз күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушыларының арасында өткізілді.
Шара облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында өткізілді.
24-25 наурыз күндері жаратылыстану-математика бағыты бойынша 6 пәннен (математика, физика, химия, биология, информатика, география) 236 оқушы өз білімдерін сынады.
28-29 наурыз күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 8 пәннен (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныбындағы қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзін-өзі тану) 325 оқушы сайсқа түсті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі 1-2-3 орын алған оқушылар грамоталармен мараппатталды. 4 орын алған оқушыларға алғыс хат берілді.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінің құрылтайшысының шешімімен олимпиадада 3-4 алған оқушыларға 14 білім гранттары табысталды.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 6 білім грантына келесі оқушылар ие болды:
- Елеусинова Дильназ – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі;
- Тлеген Гүлдана- Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясы;
- Рамазан Аян- Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясы;
- Ахметова Әсем- Тасқала ауданы «Сәлет» меткеп-гимназиясы;
- Тұрарбекқызы Жанерке- Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы интернаты;
- Уразгалиев Бахтияр – Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы интернаты.
Университет атынан оқушыларды білім гранттарымен тәрбие ісі жөніндегі проректоры экология магистрі А.И. Абекешев марапаттады.


30 наурыз күні қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 8 білім грантына келесі оқушылар ие болды:
- Серикова Аружан- Жәнібек ауданы Ғ.Абдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
- Жасасынова Гүлсезім- Қаратөбе ауданы Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі;
- Көшербаева Дильназ- Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі;
- Науханова Ақжарқын- Ақжайық ауданы бударин мектеп-бөбекжай кешені;
- Маликова Лағыл- Казталов ауданы Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі;
- Усмангалиев Ерген- Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі;
- Джалкатова Алина- Тасқала ауданы Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
- Рамазанова Диляра- Бөкей орда ауданы М. Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.



Университет атынан оқушыларды білім гранттарымен педагогикалық факультеттің деканы п.ғ.к. қауымдастырылған профессор М.Қ. Ажғалиев марапаттады.