Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Досанов Даурен және Түбетов Арман 3 орынға ие болды.
Ғылыми жобалардың тақырыптары: «Қарашығанақ кен орнындағы газ және газ конденсат ұңғымаларының жұмысын талдау», ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Аманова Б.Н. және «Шығыс Мақат кен орнындағы ұңғымалардың өнімділігін арттыру үшін гидравликалық соқпалы құрылғыны жаңғырту», ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Калешева Г.Е.


Студенттеріміздің жеңістерінің арқасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 2022 жылы «Мұнай және газ бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша базалық университет болу құрметіне ие болды.