2022 жылдың 2 наурыз айында Инженерлік-гуманитарлық факультетінде Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында «Білім алушылардың білімін бағалаудағы цифрлық құралдар» тақырыбында оқытушыларға арналған тренинг өткізілді. Тренингке инженерлік-гуманитарлық факультетінің 12 оқытушысы қатысты.
Тренинг жетекшісі – техника және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Утешева Гульнара Шауқатовна.
Тренинг барысында оқытушылар Google бұлтты интернет-сервисімен танысты, Google формаларын құруды және олармен жұмыс істеуді, атап айтқанда, оларды білім алушылардың білімін бағалау кезінде пайдалануды үйренді.
Google формалары – Google платформасында қол жетімді құжаттардың бір түрі. Google формаларымен жұмыс істеуді үйрену арқылы оқытушылар шексіз сауалнамалар, тесттер құрып, респонденттердің шексіз санын шақыра алады. Материалдарды әртүрлі форматтарға экспорттауға болады (pdf, xls, txt).
Тренингтің өзектілігі интернет-сервистерімен жұмыс істеу оқытушылардың білім алушылардың білімін тексеруге және бағалауға жұмсалатын уақытын едәуір үнемдейтіндігінде.
Тренинг соңында «Блоб ағашы» техникасы бойынша рефлексия өткізілді, бұл арқылы қатысушылар жаңа материалды түсіну деңгейін белгіледі.
Тренингке қатысушылар өз кезегінде кафедралардағы әріптестерін білім алушылардың білімін бағалаудың инновациялық әдістерін пайдалануды кеңейту мақсатында Google формаларын жасауға және олармен жұмыс істеуге үйрететін болады.
