5 наурыз күні көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында БҚИТУ-дың инженерлік-гуманитарлық факультетінде “Мистер Университет-2022” байқауы үлкен жетістікпен өтті.

Байқауға ең батыл және креативті 5 студент қатысты: Инженерлік-гуманитарлық факультетінің студенттері Саксотов Асқар, Аманжанов Орынбек және Зийнуллин Мейрамбек, сонымен қатар Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері Бағыт Темірлан мен Қадырғалиев Асылан.

Байқауға қатысушылардың өнерін беделді қазылар алқасы облысқа және одан тысқары жерлерге танымал тұлғалардың төрінде бағалады: Оразов Ақжол, блогер, факультетіміздің түлегі; Ерболат Ғазиз, «Назар аудар» театрының әртісі; Утесов Мұхтар, шоумен; Медет Өтегенов, әнші. Мереке атмосферасын жүргізушілері облыстық КВН «Грант» командасының ойыншылары Халиуллин Елжан мен Қуанғалиев Самат сәтті қолдады. Байқаудың қонақтары қаладағы жоғары оқу орындарының студент жастарының өкілдері болды.

Көрермендер қызықты тапсырмаларды, қатысушылардың ерекше және сәтті өнер көрсетулерін, сондай-ақ инженерлік-гуманитарлық факультетінің көркемөнерпаздар әртіст- студенттердің жалынды әндері мен билерін қошеметпен және ұмытылмас эмоциялармен қарсы алды. Мұның бәрі сахнада жарқын, қызықты шоу атмосферасын құруға мүмкіндік берді! Көктем, жастық, әзіл мерекесі керемет өтті!

Байқау қорытындысы бойынша 1 және 2 орындарды Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері Қадырғалиев Асылан мен Бағыт Темірлан иеленді. 3 орын ИГФ студенті Аманжанов Орынбекке бұйырды. Құрылтайшының атынан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ оқу ақысына жеңілдіктер беретін сертификаттар табыс етілді.

Әрине, әрбір мерекенің сәтті өтуінің кілті – оның жақсы ұйымдастырылуы. Осы көптен күткен іс-шараны жүзеге асыруға себепкер болғандардың барлығына: Инженерлік-гуманитарлық факультетінің студенттік өзін-өзі басқару ұймына, студенттердің бастамасын белсенді қолдаған негізін қалаушы Бозымова Айгүл Қазыбайқызына, сондай-ақ қазылар алқасы мен байқау жүргізушілеріне зор алғысымызды білдіреміз! Жастық, әзіл, көктем мерекесі жақсы өтуі үшін олардың рөлі баға жетпес!

А. М. Мукаева, Академиялық қызмет департаментінің жетекшісі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz