6B07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін «CapitalStroi» ЖШС маманы Тлекқабыл Аманаттың және дизайнер Жайсанғалиев Азаматтың қатысуымен қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында спикер студенттерді өзінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен таныстырып, сәулеттік жобалау мен сәулеттік визуализацияның заманауи бағыттары туралы айтып берді, сондай-ақ дизайн және 3D-модельдеу саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Сәулет тәжірибесіндегі визуализацияның рөліне, заманауи бағдарламалық құралдарға және сұранысқа ие кәсіби дағдыларға ерекше назар аударылды.
Дәріс бірінші курс студенттері үшін мамандыққа кіріспе іспетті болып, болашақ кәсіптің перспективаларын және қазіргі заман жағдайындағы сәулетшінің қызмет ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Кездесу соңында студенттер кәсіби даму, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, мансаптық мүмкіндіктер және сәулет пен дизайн саласындағы практикалық қызмет туралы сұрақтарын қойды.
Іс-шара еркін пікір алмасу жағдайында өтіп, білім алушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

