2022 жылдың 21 ақпанында Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында және көршілес мемлекеттерде бұқаралық спортты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Дөңгелек үстел барысында келесі ғалымдар баяндама жасады:

  • «Пилатес жасы мен жынысына қарамастан адамның физикалық қасиеттері мен денсаулығын жақсартудың біртұтас әдісі ретінде» тақырыбында, биология ғылымдарының докторы, Днепропетровск мемлекеттік ішкі істер университетінің профессоры Грибан В.Г.(Днепр, Украина);
  • «Спорттағы тәуекелдер» тақырыбында, п.ғ.к., А.И.Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Тимченко В.В. (Санкт-Петербург, Ресей);
  • «Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спортты ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер» тақырыбы бойынша ф.ғ.д., Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры ШепетюкМ.Н. (Алматы, Қазақстан);
  • «Ирак мектептеріндегі денешынықтыру сабақтарында ұлттық мәдени дәстүрлерді пайдалану» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы, Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры СобянинФ.И. (Белгород, Ресей);
  • «Қазақстандағы бұқаралық спорт: сенсация және шындық» тақырыбында Мельников Владимир Леонидович – б.ғ.к., доцент. Батыс Қазақста нинновациялық-технологиялық университеті. (Орал, Қазақстан).

Талқылауда бұқаралық спорт саласына кадрлар даярлаудың негізгі сұрақтары, денешынықтыру және спорт саласындағы реттеудің экономикалық әдістері, спортты басқарудың құқықтық аспектілері мәселелері қарастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz