2020 жылдың 18 қараша айында ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетімен (РФ, Самара) біріккен ZOOM платформасында онлайн форматта“ХХІ ғасырдағы жоғары білім берудегі жаңа трендтер” тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференцияға педагогика және психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатынасты.

Конференция барысында қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселенің бірі қашықтықтан оқыту жағдайында жоғары мектеп педагогінің құзыреттіліктері, мұғалімнің кәсіби даярлығындағы элективті компоненттердің мәні, ЖОО орындарында оқыту мен тәрбиелеудің заманауи ерекшеліктері мәселелері қарастырылды.

Конференция модераторлары: Тасимова Айслу Ахмадиевна педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Франция Конкорд халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі және Бусыгина Алла Львовна педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі. Конференцияның ашылу құрметіне ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна құттықтау сөз сөйледі. Кіріспе сөзді серіктес оқу орнының проректоры, Самара облысының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, т.ғ.д., профессор Репинецкий Александр Иванович жалғастырды. Аталған оқу орнында ғылыми зерттеу жұмыстарының басым бағыттары туралы мәлімдеді.

Бағдарлама бойынша БҚИТУ «Педагогика және психология» кафедрасының доценттері п.ғ.к Обыденкина Лариса Валентиновна п.ғ.к., доцент, Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич п.ғ.к., Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінен п.ғ.д., профессор, РАҚ корреспондент-мүшесі Бездухов Владимир Петрович,. п.ғ.к., доцент, халықаралық бөлімнің бастығы Бондарева Валерия Витальевна, п.ғ.д., профессоры, РАҚ корреспондент-мүшесі Позднякова Оксана Константиновна, псих.ғ.к., доцент Архипова Ирина Владимировна, псих.ғ.к., доцент Иванов Дмитрий Викторович баяндама оқыды.

Онлайн конференция жоғары деңгейде өтті, оқытушылар өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинаққа жарияланады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz