БҚИТУ инженерлік – гуманитарлық факультетінің экология және биотехнология кафедрасының “6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасы “Атамекен” ҚР ҰКП өткізген 2021 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша үздік деп танылып, осы мамандық бойынша білім беретін Қазақстанның 23 ЖОО арасында 1-ші орынға ие болды.

“6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасы түлектерінің 87%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Түлектер орта есеппен 2,7 ай жұмыс іздейді, бұл олардың еңбек нарығында қажеттілігін растайтын жақсы көрсеткіш.

“Атамекен” ҚР ҰКП жыл сайын өткізетін ЖОО мамандықтарының рейтингі білім беру бағдарламаларының сапасы, олардың жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестігі, студенттердің жетістіктері, түлектерді жұмысқа орналастыру, білім алушыларды дайындау үшін материалдық-техникалық база сияқты кадрларды даярлаудың маңызды критерийлерін ескереді.

6В09102-Ветеринарлық санитария, 6В07501-Стандарттау және сертификаттау, 6В05201-Экология, 6В07201-Мұнай-газ ісі, 6В07302-Құрылыс, 6В07102-Электр энергетикасы Инженерлік – гуманитарлық факультеттің білім беру бағдарламалары рейтингтің бірінші жартысында орналасқан.

Инженерлік-гуманитарлық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы өздерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру, білім сапасын арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz