2016 жылдың 9 қарашасында БҚИТУ, тілдер және менеджмент факультетіне Самара басқару институтының ректоры, оқытушылары мен студенттерінен құралған делегация келіп университет басшылығымен кездесті.

8

Кездесу барысында екі жақтың ректорлары өзара келісім-шарттарға қол қойды. Осы шара аясында тілдер және менеджмент факультетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және Самара басқару институтының өзін-өзі басқару ұйымының студенттерінің қатысуымен «Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының дамуының мәселелері мен келешегі»  тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ЖОО-дардағы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының ҚР жастар саясаты туралы заңмен ұштасуы, ЖОО-дағы студенттік өзін – өзі басқару ұйымының ролі, проблемалары және болашақ маман болып қалыптасуға беретін мүмкіндіктері туралы айтылды.

7

1-etdudh0ue6Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері қонақтарды факультетпен таныстырып, экскурсия жасады. Түстен кейін қонақтарға Орал қаласының тарихи орындарымен экскурсия ұйымдастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz