Инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканы Б.А. Билашев және “Мұнай-газ ісі” кафедрасының меңгерушісі С.З.Ахметжан және кафедраның профессорлық – оқытушылар құрамы А.Н. Мұқамбетқалиева, Г.Е. Қалешева, К.Ж. Губайдуллин 2022 жылдың 07-09 қараша аралығында Альметьев мемлекеттік мұнай институтына ресми сапармен барды.

Ректор Дьяконов Александр Анатольевич және оқу жөніндегі проректор Иванов Алексей Федоровичпен ресми кездесу барысында қазіргі мәселелер мен болашақтағы екі университет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.

Аталып отырған білім ордасымен 2017 жылдан бастап өзара байланыс орналасқан: оқытушылар аспирантурада оқиды жәнеде түрлі ғылыми іс-шараларға қатынасады.

Сапардың мақсаты жоғары оқу орындары арасындағы білім беру және ғылыми салалардағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдету: білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, желілік бағдарламаларды іске асыру, ғылыми зерттеулерді орындау мәселелерін талқылау болып табылады.

“Мұнай Жоғары мектебі” кампусында, РЭНГМ, БНГС, НГОиТМ, АИТ кафедраларының оқу және ғылыми зертханаларында болды.

“Институтта оқу және ғылыми қызмет үшін жақсы жағдайлар жасалған: заманауи зертханалық база, оқу және тұру үшін қолайлы жағдайлар, студенттерге ЖОО қабырғасында қосымша кәсіби құзыреттіліктер алу мүмкіндігі” – деп атап өтті инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканы Бауыржан Акимжанович.

“Біздің сапарымыздың мақсаты жоғары оқу орындары арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады. Біздің ЖОО жоғары білікті кадрларды даярлау, бірлескен білім беру модульдерін іске асыру, түрлі ғылыми гранттарға қатысу саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі”, – деді Мұнай-газ ісі кафедрасының меңгерушісі Самал Закикызы.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz