1 наурыз Алғыс айту күні Салтанат сарайында Батыс Қазақстан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының әр түрлі саладағы белсенді әйелдерді марапаттау рәсімі өтті.

Бұл шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов және қала әкімі Нариман Төрегалиев қатысты.

Қала әкімі Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің деканы Джумакаева Баян Сабырқызын білім және ғылым саласы бойынша марапаттай отырып, жоғары кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Факультет ұжымы Баян Сабырқызын құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz