Құрметті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері, қызметкерлер, әріптестер!

БҚИТУ ректораты сіздерді Білім күнімен және  жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды!

Қымбатты бірінші курс студенттері! Бұл Сіздер үшін көптен күткен мереке! Сіздер өз өмірлеріңіздің білімге, шығармашылық шабытқа, жаңалықтарға толы жаңа  парағын ашқалы отырсыздар! Сіздерге осы жеткен жетістіктеріңізбен тоқталып қалмай, әрі қарай білімді, дағдылар мен құзіреттіліктерді игерудің үлкен жолынан өтіп, ең шыңына жетіп, кәсіби маман  болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.

Үлкен курс студенттерінің оқуларына табыс, ғылым мен қоғамдық өмірде жаңа шығармашылық  жаңалықтар тілейміз!

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер! Біз бен Сіздерге мобильді, белсенді, өз өзін дамыта білуші, жауапкершілік сезімі бар, кәсіби этика мен мәдениетті сақтай білетін тұлғаны қалыптастыру жауапкершілігі жүктелген.

Сіздердің жоғары кәсіби еңбектеріңізге рахмет айта отырып,  жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз. Сіздерге, отбасыларыңызға  денсаулық, бақыт, табыс тілейміз!

 

Ректорат

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz